Оқиға Ақтөбе облысында болған.
Бұзау іздеп жүріп, суға батып кеткен екінші баланың мәйіті табылды
1,515
оқылды

Кеше Ырғыз ауданы Құрылыс ауылында екі бала суға батып кетті. Бұл туралы Aikyn.kz сайты облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Өзеннен бірінің мәйіті екі сағат ішінде табылды. Екінші мәйітті сүңгуірлер 5 метр тереңдіктен алып шықты. 

«28 мамыр күні сағат 01.25-те ТЖД Жедел құтқару жасағының сүңгуірлері тереңдігі 5 метр және жағадан 6 метр қашықтықта 12 жастағы ер баланың мәйітін судан шығарды», – деді құтқарушылар. 

12 жастағы екі бала бұзау іздеуге шыққан. Олардың жанында болған 13 жастағы бала бірінің суға құлағанын, ал екіншісін көрмегенін айтқан. Балалар Бәймен Алманов атындағы орта мектепте оқыған.

 

Фото: uliyanovsk.bezformata.com