Байқауға 74 мемлекет пен аймақтардың 2 000-нан астам университеті мен колледжінен келген 120 мың студент қатысты.
Алматылық студент халықаралық байқауда 1-орын иеленді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ақпараттық технологиялар факультетінің III курс студенті Аида Бегайдарова Қытай Халық Республикасының Шеньчжень қаласында өткен Huawei Global Final ICT COMPETITION 2022-2023 халықаралық байқауында жүлделі I орын иегері атанды. 

 

Huawei ICT Competition компаниясы ұйымдастырған байқаудың негізгі мақсаты – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында тәжірибе алмасу алаңында әлемдік ЖОО студенттерінің қарым-қабілетін көрсету.

А.Бегайдарова ҚазҰУ атынан Қазақстан құрамасы  қатарында байқауға қатысып, ел намысын қорғады. Байқауға 74 мемлекет пен аймақтардың 2 000-нан астам университеті мен колледжінен келген 120 мың студент қатысты. Байқау аясында  қатысушылар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы білімі мен тәжірибелік дағдыларын көрсетіп, жаңа технологиялар мен бағдарламаларды қолданудан бәсекеге түсті. 

Нұрболат Адырбек, Алматы

Фото: m.1777.ru