Шығыс Қазақстан облысында шаруа қожалықтарынан 30-дан астам мал ұрлаған ұры қолға түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, Ұлан ауданында ұзақ уақыт мал ұрлығымен айналысқан ер адам ұсталды.
Ол жергілікті шаруалардың малын үш рет ұрлаған. 33 бас малды ұрлап, Алматы облысында сатып жіберген. Полицейлер базардан малды тауып, жәбірленушілерге кері қайтарды. Материалдық шығын өтелді. Күдіктіге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Оны Ұлан ауданындағы ПБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамады.
Полицейлер жайылым мен қорадағы малды жиі тексеріп, санап тұру керегін ескертеді.
Фото Полиция департаментінен алынды