Саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына бас имам Самат Әлібаев Құран бағыштады. Одан кейін облыс әкімі Нариман Төреғалиев бастаған қоғам белсенділері ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған шаралар легі облыста жүйелі түрде ұйымдастырылып жатыр.
Кеше саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті. Отырысқа БҚО әкімі Нариман Төреғалиев және өлкетанушылар мен тарихшылар қатысты. Осы жиында БҚО саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған 7 кітаптың тұсауы кесілді.