Оқиға бейнежазбаға түсіп қалған.
«Жас жігіт көліктің терезесінен ұшты» – Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты болды
6,788
оқылды

Жантүршігерлік жол апатынан көліктің жүргізушісі терезеден ұшып кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Tengrinews.kz-тің мәліметінше, жол апаты Алматы маңындағы Талғар тасжолы бойында Белбұлақ ауылындағы «Таңшолпан» дүкені маңында болған. 

Видеода жоғары жылдамдықпен келген көлік жолдан шығып кетіп, ғимараттың баспалдағына соғылып, ұшып кеткені анық көрінеді. 

Алматы полициясының мәліметінше, оқиға 15 мамыр таңертең сағат 06.40 шамасында болған. Көлікті жүргізген 20 жастағы жігіт рульге ие бола алмаған. Жарақат алған жігіт ауруханаға жеткізілген. 

Жол апатының себебін полицейлер анықтайды. Жол ережесін сақтамаған жүргізуші заң аясында жауапқа тартылады. 

Видеоны жүрегі нашар, жүйкесі жұқарған адамдарға қарамауға кеңес береміз!