«AMANAT» партиясының мүшелері «Шин-Лайн» компаниялар тобымен бірге ерекше назар аудару мен қамқорлықты қажет ететін балаларды құттықтап, оларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Қазақстанда «Балаларымыз – аманатымыз!» республикалық қайырымдылық акциясы өтті
1,059
оқылды

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні «AMANAT» партиясы мен Алматы қалалық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Андрей Шин «Балаларымыз – аманатымыз!» қайырымдылық акциясын өткізді.

«AMANAT» партиясының мүшелері «Шин-Лайн» компаниялар тобымен бірге ерекше назар аудару мен қамқорлықты қажет ететін балаларды құттықтап, оларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Игі бастама әлеуметтік жағдайы осал балаларды толғандырған мәселеге жұртшылықтың назарын аударды. Осылайша, шығармашылық ұжымдар мен партиялықтар 8 мыңға жуық бала тәрбиелеп отырған еліміздің барлық өңіріндегі 100-ге жуық балалар үйі мен өзге де мамандандырылған мекемелерге барды.

Мәселен, Алматыда қалалық мәслихат депутаттары мен «Жастар рухы» Жастар қанатының белсенділері «Жанұя», «SOS Алматыдағы Балалар ауылы», «Мейірім», «Өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды қолдау орталығы» секілді мекемелерде тәрбиеленіп жатқан балаларға барды.

«Мұндай қайырымдылық жобалар қашан да маңызды. Балалар – біздің аманатымыз. Сондықтан олардың есеюіне, дамуына және өз қабілет-қарымын танытуына лайықты жағдай жасау үшін қолдан келген көмектің бәрін көрсетуіміз керек. Өскелең ұрпақтың тағдырына бейжай қарамайтын кәсіпкерлерді жетім балаларға, сондай-ақ бала асырап алған немесе қамқорлыққа алған отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетуге шақырамыз», – деді «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров.

Ұйымдастырушылар еліміздің барлық өңіріне 10 мың дана балмұздақ және өзге де сый-сияпаттар жолданғанын атап өтті. Сонымен қатар «Шин-Лайн» компаниясы «Мишка на полюсе» балмұздағынан түскен табыстың 1%-ын балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерге аударып отырады.

«Шин-Лайн» – жеке компания. Солай бола тұра, бұл – отбасылық бизнес. Сондықтан отбасылық құндылықтар біз үшін әрдайым алдыңғы орында тұрады. Біз аталған акцияны қолдауға дайынбыз. «AMANAT» партиясы әр балаға атаулы қолдау көрсетуге, бір мезгілде барлық өңірмен байланыста болуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ өз бетімізше балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жетімдерді қолдау бағдарламасын қолға аламыз», – деді «Шин-Лайн» компаниясы тобының президенті әрі қалалық мәслихат депутаты Андрей Шин.

Айта кетейік, акция еліміздің барлық аймағында ұйымдастырылып, «AMANAT» партиясының мүшелері балаларды мерекемен құттықтады.