Жақында Астанада қазақтілді продюсерлік орталық ашылды.
Астанада инфобизнес орталығы ашылды
1,383
оқылды

 Тұлға ретінде дамып, маман ретінде танылғысы келетін кез келген адам осы орталыққа жүгіне алады.

Орталықты салтанатты түрде ашқан Самал Атагелді, Сәуле Шынәділова сияқты жұртшылықты жеке іс бастауға жігерлендіріп жүрген  қазақтың бизнес вумен қыздары «Астанада қазақтілді осындай орталық жоқ еді. Әркім өз бетінше жұмыс істейтін. Енді SMM   мамандарын осы жерден табатын болдық.  Кәсіпкерлерге де ұсынатын боламыз», – деп атап өтті.   

Орталық инфобизнес саласында табысты  еңбек етіп жүрген Назгүл Рахатқызы, Гүлнәр Тоқтарбекқызы, Лаура Айтпан, Жұмагүл Ахайқызы, Айдана Сыдықбай, Айсұлу Ержанқызы сияқты продюсер, проджект, мұғалім,  психосоматолог мамандардың ұйымдастыруымен ашылып отыр.

Мұнда эксперттерге продюсерлік қызмет, мамандарға жеке бренд қалыптастыруда  өз блогын сауатты жүргізуді, қызмет-өнімдерін сатуды үйретеді. Сондай-ақ  орталық  қазақтілді мамандардың дамушы ортасын қалыптастыруды мақсат етіп отыр.

«Әсіресе, үйде жұмыс істеуден жалыққан онлайн мамандық иелері, күн тәртібімді тұрақтандырып, денсаулығымды қолға алғым келеді, тұлғалық дамуға байланысты мақсаттарымды орындай алмай жүрмін, ақша, сатуға байланысты тұжырымдар  сатылымға кедергі жасайды, ой бөлісіп, идея алмасатын орта қажет деп жүрген жанға таптырмас орта болатынына сенеміз», – дейді ұйымдастырушылар.

Тәжірибелі эксперттерден құралған дамушы орта  ай сайын бағдарламасы жаңарып отыратын топтық мастермайнд өткізеді. Мастермайнд мақсаттарды жеңіл жүзеге асыруға, өз күшіңізді өзіңіз оятуға, жаңа деңгейге шығуға бағытталған.

Спикерлердің сабағында психология, SMM,  коучингтік тапсырмалар, сөйлеу шеберлігі тағы басқасы қамтылса, нетуоркингте дамушы ортамен жүзбе-жүз кездесу, сарапшылармен танысу, пікір, тәжірибе алмасу ұйымдастырылмақ.

 

Жанна ТІРКЕШБАЙҚЫЗЫ