Таиландқа саяхатқа барып, зардап шеккен Қазақстан азаматы қайтыс болды.
Таиландта теңізге шомылған қазақстандық қайтыс болды
1,099
оқылды

Қаралы хабарды марқұмның әпкесі естіртті. Cыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадиров растады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Әпкесі Instagram-дағы парақшасында: «Артурдан айырылып қалдық», – деп жазды.

Ол Таиландта жергілікті құтқарушылардың ескертуіне қарамастан, теңізге түскен.

Әпкесінің айтуынша, Артур Ысқақов Таиландқа қалыңдығымен бірге демалысқа барған. Олар суға түскен кезде теңізде күшті толқын көтерілген. Оның қызы суға бата бастаған. Қызды құтқару үшін суға түскен Артурды толқын алып кеткен. Көп су жұтып қойған.

 

Жағаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жансақтау бөліміне жеткізген. Пхукетте қатты толқындар көтеріліп, жағалауға қызыл жалаумен ескерту берілген.