4 маусым күнгі сағат 19.10-дағы КC7132 Павлодар-Алматы рейсі өндірістік қажеттілікке байланысты кешіккен. Бұл туралы Aikyn.kz сайты FlyArystan-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Әуе рейсі бүгін сағат 14.30-да ұшады деп жоспарланып отыр.
«Бұл рейстің жолаушылары қонақүйге орналастырылды. Сусын мен ыстық тамақ берілді. Біз жолаушылардан бұл қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз», – делінген ресми хабарламада.
Жолаушылар рейс кешіккен кезде мынадай мүмкіндіктерді пайдалана алады:
– Рейс екі сағаттан артық кешіккен кезде жолаушылар алкогольсіз сусындар, сондай-ақ бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын немесе екі электронды пошта хабарламасын сұрай алады.
– Төрт сағаттан артық кешіккенде, ыстық тамақ ұсынылады.
Сусын мен тағам мәселесі бойынша әуежайдағы FlyArystan өкілдеріне хабарласу керек.
– Бес сағаттан артық кешіктірілгенде, бір рет тегін әуе билеттің уақытын өзгерту мүмкіндігі ұсынылады.
– Бес сағаттан артық кешіктірілгенде, егер қайта брондау мүмкін болмаса, жолаушылар толық билет қайтарымын жүзеге асыра алады.
– Күндізгі уақытта 8 сағаттан артық және түнде 6 сағаттан артық кідіріс болса, жолаушыларға қоныстануға, сондай-ақ қоныстану жеріне дейін және кері қарай трансфер қарастырылады.
Жол мәселесі бойынша жолаушылардан FlyArystan өкілдеріне хабарласса, қолдау көрсетіледі.
Фото: azh.kz