Мәжіліс электр самокаттардың қозғалысын реттейтін жаңа ереже енгізді.
Қазақстан азаматтары электр самокаттарын жаппай сатып жатыр
1,918
оқылды

Сарапшылардың дерегінше, биыл сәуір мен мамыр аралығында дүкендегі самокаттардың саудасы 23 пайызға төмендеген. Бұл туралы Aikyn.kz Хабар24 арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мәжіліс электр самокаттардың қозғалысын реттейтін жаңа ережені бекітті. Сенат мақұлдаса, самокат иелері 6 км/сағат жылдамдықпен ғана жүре алады. Ал көлік ағынымен ілесу үшін арнайы шлем мен жарық шағылыстыратын киім кию міндеттеледі. Тағы жүргізуші куәлігі де болу талап етіледі. 

Жаңа талап қоғамда талқыланғаннан бері самокатқа сұраныс төмендеген. 

Сарапшы Әнуар Жүсіпов: «Мұның басты себебі, жаңа заң жобасы деп есептеймін. Себебі көптеген адам электр самокаттарға қатысты жаңалықты БАҚ-тан оқып алып, жаңашылдық күшіне енді деп ойлайды. Сондықтан олар бұл көлік түрін пайдаланудың тиімділігі жоқ деген пікір қалыптасты», – дейді. 

Бірі жалға алған тиімді десе де, енді бірі заң күшіне енгеннен кейін тәртіп күшейсе, самокатпен жүру тиімсіз болады деп санайды.

Жаңа тәртіптен кәсіпкерлер зардап шекпес үшін нарықты түбегейлі зерттеу қажет.

Фото: nefer.livejournal.com