«Қазгидрометтің» мәліметінше, бүгін ауа райы құбылмалы болады.
Бірнеше өңірде аптап ыстық болып, батыста жаңбыр жауады
771
оқылды

Атмосфералық фронт әсерінен еліміздің басым бөлігінде найзағай жарқылдап, нөсер жаңбыр жауады. 

Оңтүстік пен шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшейеді. Батыста бұршақ, түнде және таңертең оңтүстік-батыста тұман күтіледі.

Ақмола облысының оңтүстік-батысында, Ұлытау, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық болады.

Ақмола, Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу облыстарында, Алматы облысының солтүстік жартысында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Атырау облысының шығысында, солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан, Ақтөбе облысында өрт қаупі бар.

Фото: loevkraj.by