Мүгедек баланы үйде оқытқаны үшін алатын төлем екі есе көбейді.
Прокуратура: Қайтыс болған 30 адамға қазынадан қаржы аударған
992
оқылды

Прокурор ерекше күтім керек жандардың құқығын қорғады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атырау қалалық прокуратурасының мәліметінше, 100-ден астам мүмкіндігі шектеулі адамның құқы аяққа тапталған.

Атырау қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізіп, мүгедек балаларды үйде оқытқаны үшін төлем 2,4 АЕК-тан 5 АЕК-қа дейін көтерілді. Үш адамның жұмыс уақытының ұзақтығы қысқартылды. Оларға қосымша демалыс берілетін болды. 

Жеке көмекшілердің қызметіне тиісті бақылау жасамау (оның 69-ы басқа ұйымдарда жұмыс істеген) және қайтыс болған 30 адамға бюджет қаражатын заңсыз аудару фактілері анықталды.

Мүгедектердің қолжетімділігі бойынша талаптарға сәйкес келмейтін әлеуметтік объектілер анықталды.

Кінәлілерді жауапқа тартты.

Фото: istok-audio.com