Шығыс Қазақстан облысында «Ауыл аманаты» жобасы аясында 320 жұмыс орны ашылады.
«Ауыл аманаты»: Банктер енді кепілге қойған мүлікті тартып алмайды
1,687
оқылды

AstanaTV-ның хабарлауынша, «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға республика бойынша 100 миллиард теңге қарастырылған. Оның 10 пайызы Шығыс Қазақстан облысындағы пилоттық жобаға жұмсалмақ. Ал өсімдік және мал шаруашылығы бойынша 1,5 млрд теңгенің жобалары мақұлданған.

Яғни, сүт-тауарын өндіретін ферма салу, асылтұқымды мал тұқымын көбейту, суармалы жерлерді дамыту және жылыжайлар салу көзделген. Бағдарламаны «Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы жүзеге асырмақ. Ол үшін фермерлер өз ұсыныстарын қорғауы қажет. Осы айда жобаның 780 млн теңгесі бөлінеді.

Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов: «Бұл ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін өте маңызды бағдарлама. Қазіргі уақытта 2,5%, бұл –өте жақсы қолдау. Ешбір банк мұндай пайызды бермейді. Ал ауылдағы банктер ауыл тұрғындарының кепілге алған мүлкін алмайды.  Сондықтан ауыл тұрғындары жобаның мүмкіндігін тиімді пайдалануы керек», – деді.

«AMANAT» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әр өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, ауыл халқының тұрмысын жақсарту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында жасалғанын атап айтты. Бұл бағытта тегін тренинг өткізіп, ауыл тұрғындарына бизнес-жоспар дайындауға көмек көрсетілмек.

«AMANAT» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев: «5 маусымнан 8 маусымға дейін барлық облыстық филиалдарымызда апталық оқу тегін болады. Құжат жинақтаудан бастап, қандай қаржы алуға дейін кеңес беріледі. Сондай-ақ «Құқық көмек» жобасын іске қосамыз. Заң аясында көмек береміз», – дейді.

Фото: kaz.zakon.kz