Сот процесі туралы Жамбыл облысы Қордай аудандық прокуратурасы хабарлады.
Қоспаев ісі: ұйымдасқан қылмыстық топты шекарадан өткізіп жіберген адам сотталды
6,957
оқылды

Мемлекеттік шекарадан Қоспаев ұйымдастырған қылмыстық топты заңсыз өткізген адам 2 жыл 6 айға сотталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

25.04.2023 жылғы Қордай аудандық сотының үкімімен ҰҚТ мүшелері Шалин, Имашев және Қоспаевтың мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өтуін ұйымдастырғаны үшін М.Машанло Қылмыстық кодекстің 394-бабы  2-бөлігі бойынша 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Бұрын хабарланғандай, аудан прокуратурасының бастамасымен құрылған ведомствоаралық жедел тергеу тобымен 06.08.2022 жылы Сортөбе ауылының маңындағы өткізу пунктінің тысқары жерінен жоғарыда аты аталған адамдарды Қазақстаннан Қырғыз Республикасына өткізуді ұйымдастырған Машанлоны әшкереледі.

Айта кетейік, Шалин, Имашев Қоспаев бастаған ҰҚТ мүшелері және бұған дейін Қылмыстық кодекстің 249-бабы (рейдерлік) және 262-бабы (ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оларға қатысу) бойынша қылмыс жасағаны үшін Қаржылық мониторинг агенттігімен халықаралық іздеу жарияланған.

Бұған дейін осы топтың құрығына түскен әйел туралы жазған болатынбыз. Құлдықта болған әйел полицейдің  «Твоя крыса у нас» деп қылмыстық топ жетекшісіне хабарласқанын, көрген азабын айтқан еді.