«Қазгидрометтің» мәліметінше, бүгін ауа райы құбылмалы болады.
Ауа райы: бүгін бұршақ жауып, дауыл соғады
590
оқылды

Атмосфералық фронт әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. 

Тек қана республиканың батысы мен оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында бұршақ жауады, шаңды дауыл тұрады.

Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік-батысында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Жетісу облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық күтіледі.

Алматы, Павлодар, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Түркістан облысының батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.

Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Алматы, Маңғыстау, Жамбыл, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан және Жетісу облысында, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Батыс Қазақстан облысының шығыс жартысында, Қарағанды облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Ұлытауда, Атырау облысының шығысында, солтүстігінде өрт қаупі бар.

Фото: twitter.com