Оқыс оқиға Алматы қаласындағы теміржол стансасында болған.
Алматыда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті
5,737
оқылды

Стансада жүріп келе жатқан пойыз рельстен шығып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, 8 маусым күні рейске шығатын пойыздарды тексеретін Алматы-2 теміржол стансасының техникалық паркінде жүріп келе жатқан  вагонның қос доңғалағы шығып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Пойызда жолаушылар болмаған.

Жолға шығатын пойыздың орнына өзге пойызды ауыстырып, кесте бойынша жөнелтті. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Бұған дейін Ақтөбе облысында локоматив пен жолаушылар пойызы соқтығысқанын жазған болатынбыз.

Фото: видеодан скриншот