Абай облыстық партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясы облыс орталығындағы бірқатар ірі сауда үйлеріне мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Азық-түлік бағалары партия бақылауында
861
оқылды

«AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының атқарушы хатшысының м.а., облыстық филиал жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының инспекторы Майра Құржықаева, Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, атап айтқанда облыстық мәслихат депутаттары Қуаныш Қасен, Анжела Маслова, Асхат Чакенов, қалалық мәслихат депутаттары Айболат Бекжасаров, Әділет Оралбеков әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасына мониторинг жүргізді.

Абай облыстық партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясы облыс орталығындағы бірқатар ірі сауда үйлеріне мониторинг жұмыстарын жүргізудегі ең басты міндет санитарлық тазалықты қадағалау, тауар бағасының тұрақтылығын бақылау екенін атап өтті.

Сауда орталық иелері талапқа сәйкес жұмыс істеп жатқандарын және де дүкен тазалығы тұрақты түрде қадағалауда екенін жеткізді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса береді.

Мониторинг нәтижесі бойынша, жергілікті атқарушы органдармен бірге тиісті шаралар қабылданатын болады. Аймақтардағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өзгергеніне қатысты мәліметтің мән-жайы Партиялық бақылау комиссиясының отырысында қаралады. Өзгеріс анықталған жағдайда мәселені шешу үшін ұсынымдар әзірленіп, нақты мерзімі мен жауапты тұлғалар белгіленеді.