Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, белгіленген кестеден қалып қойған мердігерлер заң алдында жауап береді. Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша көпқабатты
«Жас Қанат» тұрғын үй кешенің құрылысына жауапты – Hadid және «Промкомплект» Б компанияларына қатысты іс сотта қаралып жатыр. Сонымен қатар тұрғын үй кешенінің айналасын абаттандыруды өз мойнына алған «СК ШАХ» ЖШС-ға қатысты талап-арыз дайындалуда. Әкімдік атқарылмаған жұмыстардың өтемін қайтаруды және оларды мемлекеттік сатып алу мерзімін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр.