Мемлекет басшысының Жарлығымен Сырым Дүйсенғазыұлы Шәріпханов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сырым Шәріпханов Төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындалды
1,395
оқылды

1967 жылы 1 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

1991 жылы Қазан қаласындағы М.Чистяков атындағы Зымыран әскерлерінің жоғары әскери командалық-инженерлік училищесін тәмамдады. Техника ғылымдарының докторы, генерал-майор.

Еңбек жолында азаматтық қорғаныс жүйесінде түрлі лауазымдар мен басшылық қызметтерді атқарды.

1997 жылғы маусымнан 1999 жылғы ақпанға дейін – Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар басқармасының Дайындық және оқыту орталығының бастығы.

2008 жылғы қыркүйектен 2010 жылғы ақпанға дейін – Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы.

2014 жылғы қазаннан 2020 жылғы қарашаға дейін – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне қарасты Көкшетау техникалық институтының бастығы.

2021 жылдың 3 қыркүйегінен бүгінге дейін – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының бастығы қызметін атқарды.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Юрий Ильинді Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатқан еді.