Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаевтың өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты, – делінген ҚР Тұңғыш Президентінің ресми сайтында.
«Ол аса жауапты қызметтерде, соның ішінде бірнеше облыстардың әкімі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Премьер-Министрдің орынбасары лауазымдарында еңбек етіп, еліміздің дамуы мен өркендеуіне үлкен үлес қосқан тұлға. Халықтың мұң-мұқтажын терең білетін, күрделі мәселелер бойынша шұғыл әрі оң шешімдер қабылдай алатын білікті басшы, беделді ұйымдастырушы, жоғары адамгершілік қасиеттерімен, биік парасатымен ерекшеленетін азамат еді», – делінген жеделхатта.
Нұрсұлтан Назарбаев Бердібек Машбекұлының жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.