Абай облысында үш бағытта (оңтүстік, батыс және шығыс) өртті сөндіру жалғасып жатыр. Өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1 500-ге жуық адам, 300-ден астам бірлік техника жұмылдырылған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ТЖМ-нің мәліметінше, өртті сөндіруге 14 тікұшақ тартылды. 2 000-нан астам тонна су төкті.
Кеше жел соғып, өрт Талица ауылына қауіп төндірді. Өрт сөндірілді.
Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов оқиға орнынан өрт сөндіру жұмысын қадағалап жүр.
Қазіргі уақытқа дейін жедел желіге 104 қоңырау түсті. ТЖМ және ТЖД жедел желі телефондары: 8 7172 53 32 84, 8 722 235 38 31.
«Қазгидрометтің» дерегі бойынша, 11 маусым күні жауын-шашынсыз, солтүстік-батыс, солтүстік 9-14 м/с жел, екпіні 15-20 м/с болады деп күтілуде, күндіз ауа температурасы – 25-30 градус.
13 маусымда жауын-шашынсыз, солтүстік-батыс, солтүстікте 9-14 м/с жел, екпіні 15-20 м/с дейін болады деп күтілуде, ауа температурасы түнде – 12-17 градус, күндіз – 27-32 градус.