Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранованың айтуынша, жыл басынан бері жол жүру ережелері отбасында, мектепте және қоғамда үнемі айтылып, түсіндіру жұмысы кеңінен жүргізілуі тиіс.
«Ішімдікке немесе ескірткіге масайып көлік жүргізетіндер қатары көп, олардан қоғамға келетін қауіп те жоғары. Жол ережесін бұзатын әрбір көлік жүргізушісі бұдан өзінің жеке басына ғана емес, қоғамның басқа да мүшесіне қауіп төнетінін қаперде ұстағаны жөн. Қоғамдық тәртіпті сақтап, заң талаптарын орындау – баршаға ортақ міндет. Жолда дөрекілікке, немқұрайлық пен бассыздыққа жол бермеу мәдениетін үйренетін уақыт жетті. Қоғамға зияныңды тигізбеу жөнінде әрдайым түсіндіру шаралары өткізіліп тұрғаны аса маңызды. Әйтсе де, әрбір азамат айыппұл арқалағанда ғана емес, ұдайы жеке басының жауапкершілігін ойлауы тиіс», – дейді аға инспектор.