Сенат депутаттары мен Сенат Аппаратының қызметкерлері «Семей орманының» қаза тапқан қызметкерлерінің отбасыларына көмек көрсету қорына біркүндік жалақысын аударды.
Сенат депутаттары Ольга Булавкина, Айнұр Арғынбекова және Қайрат Тастекеев жағдайды жергілікті жерде бағалау мен тиісті көмек көрсету үшін өңірге барған болатын. Облыста қазіргі кезде өртке қарсы күрес жалғасуда. Арнайы қызметтер, әскерилер мен еріктілер облыс тұрғындарына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыған дейін Үкіметке қаза болғандардың отбасыларына тез арада көмек көрсетуді тапсырып, тиісті мемлекеттік органдар қайғылы оқиғаға тергеу жүргізетінін атап өткен болатын.
фото: ашық дереккөз