Семейде орман өртеніп, 14 адам қаза тапты.
Қаза тапқан орманшылардың отбасы ұшақпен тегін ұшады
1,139
оқылды

Ормандағы өртті сөндіремін деп қаза тапқан орманшылардың отбасы жыл соңына дейін FlyArystan-ның ұшағымен тегін қатынай алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Оларға Семейден Астана, Алматы, Шымкент қалаларына және кері бағытта 2023 жылдың соңына дейін бір рет тегін жүру мүмкіндігі беріліп отыр. Сондай-ақ әуекомпаниясы Алматы мен Астанадан гуманитарлық жүктерді жеткізуге қолғабыс етуге әзір», – делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін орманшылардың арнайы киімі болмағанын жазған болатынбыз.