Түркістан облысына биыл «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 20 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында сайрамдық кәсіпкер 2,5 пайызбен несие алып, кәсібін ашты
1,721
оқылды

Бүгінде облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей қадағалауымен аталған жобаны үйлестіру, тұрғындардың кәсіп ашуына қолдау көрсету жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

«Ауыл аманаты» жобасы аясында пилоттық жобаға қатысқан Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылдық округі бойынша 20 азамат несие алуға өтінім жолдаған. Бүгінде 10 азаматтың жобасы облыстық комиссия қарауынан өтіп, мақұлданған.  Несиелендірілген азаматтар ішінде облыс бойынша бірінші болып несие алып, өз кәсібін ашқан – Ақбұлақ ауылдық округінің тұрғыны Тұрар Сүлейменов.

Кәсіпкер өз жобасын іске асыру мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында сүт бағытындағы мал шаруашылығы бойынша 8,6 млн теңге несие алуға мүлкін кепілге қоя отырып,  өтінім жолдаған. Нәтижесінде, облыстық комиссияның оң шешімімен 8 млн теңге қаржы берілген.

Кәсіпкер несие қаржысына Ақмола облысынан 16 бас сауын сиыр әкелген. Бүгінгі күнде әр сиырдан 10 литрден сүт алып, «Натур Продукт» ЖШС-на өткізуде. Кәсіпкер өз кәсібін дамыту аясында алдағы уақытта мал басын ұлғайтуды жоспарлап отыр.