Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров TikTok-тың вице-президенті Такуа Ямагасимен кездесіп, Қазақстанда TikTok-ты дамытудың перспективаларын қарастырды.
Кездесу барысында Такуа Ямагаси TikTok-та қазақ ұлты мәдениетінің дамуына қолдау білдіретінін жеткізді.
«Ямагаси мырзамен TikTok-та қазақтың мәдени брендін дамыту мәселесін қарастырып отырмыз. Яғни, Қозы Көрпеш Баян Сұлу секілді ұлттық шығармалар мен Абай, Шәкәрімдердің мұрасын дүниежүзінде, оның ішінде TikTok-та қалай әрі қарай дамытамыз деген сұрақтар бойынша ақылдасып отырмыз. Ямагаси мырза Қазақстанның мәдениетін TikTok-та дамытуға өз үлесін қосатынын айтты. Сонымен қатар Қазақстанда TikTok-ты дамытудың жан-жақты аспектілерін де қарастырдық. Ең негізгісі TikTok-та қазақ мәдениетінің реңі болуы керек. Біздің досымыз да осыған келісіп отыр», – деді Ерлан Саиров.