Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітов «ҚАШ» дебюттік фильмі үшін ХХV Шанхай халықаралық кинофестивалінде «Үздік режиссер» номинациясын жеңіп алды.
Айсұлтан «Үздік режиссер» атанды
695
оқылды

Шанхай кинофестивалі –  Қытайдың ең ірі фестивалі және әлемдегі ең беделді байқаулардың бірі. Бұл жүлдеге фильмді Айсұлтан Сейітов, Qara Studios бас продюсері Еркебұлан Күрішбаев пен сценарий авторы Абылай Нұрманбетов ұсынған еді. Картина шорт-листке еніп, Asian New Talent санаты бойынша үш номинацияға іліккен болатын: Best Film, Best Director және Best Script Writer.

«ҚАШ» 1931-1933 жылдардағы қазақ даласындағы жаппай ашаршылық қасіретін екі ағайындының басынан өткен оқиға арқылы баяндайды. Фильмнің түсірілімі 2020 жылы басталса, 2022 жылы туынды елімізде кеңінен тарады. Көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, қазақстандық сыншылар тарапынан да бірқатар марапатқа ие болды. Жақында әлемдік прокатқа шығады.