Отырыста «Жылумен жабдықтау саласындағы басқарудың, тартылған қаражатты жылу энергиясын өндіру және беру объектілерінің нысаналы пайдалануы мен инвестициялық бағдарламаларды орындауының тиімділігіне мемлекеттік аудит» атты Жоғары аудиторлық палата төрағасының есебі тыңдалады.
Сонымен қатар палата жалпы отырыста депутаттар әзірлеген жайылымдарды пайдалану мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарайды.
Заң жобасында Жер, Орман кодекстеріне, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы, сондай-ақ жайылымдар туралы заңдарға өзгерістер енгізу көзделеді. Атап айтқанда, жайылымдарды пайдаланбау фактілерінің өлшемін қатаңдату, сондай-ақ қоғамдық жайылымдарды ауыл шаруашылығы алқаптарының басқа түрлеріне ауыстыруға тыйым салу ұсынылады.
Сондай-ақ бюро отырысында Палата комитеті заңнаманы жетілдіру, адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету, дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі шешу мәселелері туралы заң жобасын жұмысқа алады.