Секциялар халықтың мүд­десі ашық жеткізілетін еркін фор­матта өтіп жатыр.
Халық үніне құлақ түрді – Шерзод Пулатов
1,264
оқылды

Мен жиындар осындай форматта өткенде ғана нақты мәселелер көрінеді деп ойлаймын.  Жиында  көп мәселені біліп отыр­мыз және олардың  арасында ең маңыздыларына құлақ түрдік.  Халық мұң-мұқта­жын, қажеттілігі айтылатын плат­форма да ашылды.  Платформа арқылы көп дауыс жинаған мәселелер де Құрылтай хатшы­лығының қатысуымен жыл бойғы жиындарда талқыланды. Халық­пен де кездесулер ұйым­дастырып, олардың мәселелері шешімін тауып жатты. Мұндай форматтағы бас­қосуларды ары қарай жалғас­тыра береміз. Өзім Қазақстан хал­қы Ассамблеясы мүшесі бол­ған­дықтан баршаның басын қо­сып бір халыққа айналдыру жо­лында бірқатар жұмыс істеге­німізді атап өткім келеді. Бірлі­гімізді арттыратын шаралар не­гізінде мемлекеттік тіл мәселесін де көтеріп келеміз. Мемлекеттік тілге ерекше мәртебе беруіміз керек.