Қазақстанда алғаш рет Әкелер күні тойланып жатыр.
Қазақстандықтар Әкелер күнін тойлап жатыр
1,125
оқылды

Биыл алғаш рет тойланып отырған мереке жуырда ғана Үкімет қаулысымен бекітілген еді.

Енді мереке әр жылы маусымның үшінші жексенбісінде тойланады.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің хабарлауынша, дүниежүзінің көп елінде тойланатын Аналар күні және Әкелер күні ресми мерекелері отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттауға, отбасы мен білім институтын нығайтуға ықпал етеді.

Айта кетейік, Қазақстанда Аналар күні мамыр айының екінші жексенбісінде тойланады.