Қазақстандықтар Құрбан айтта бір күн, Астана күнінде 4 күн қатарынан демалады.
28 маусым – Қазақстанда Құрбан айттың бірінші күні. Бұл күні, яғни сәрсенбіде ел халқы бір күн демалады.
Сондай-ақ 1 шілдедегі, яғни сенбі күнгі демалыс 7 шілде, жұмаға ауыстырылады. Сондықтан 1 шілде жұмыс күні болады. Ал Астана күнінде қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында 6, 7, 8 және 9 шілдеде демалады. Алты күндік жұмыс аптасында демалыс күндері 6, 7 және 9 шілдеге келеді.
Айта кетсек, жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында ҚР Үкіметі Елорда күніне орай демалыс күнін ауыстыру туралы арнайы қаулы қабылдаған болатын.