Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 448,30 теңге болды.
Доллар бағамы 0,93 теңгеге қымбаттады
1,383
оқылды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,93 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 448,30 теңге.

Ұлттық банктің 20 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 447,15 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,33 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 447 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 450 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 448 теңге, сатып алу құны – 452 теңге.

Ресей рублі 5,25 – 5,35 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Фото: Sputnik