Атмосфералық фронт әсерінен жаңбыр жауады. Найзағай жарқылдайды. Республиканың солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығысы мен орталығында – бұршақ, дауыл, басым бөлігінде екпінді жел сақталады.
Оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс пен солтүстік-шығыста шаңды дауыл күтіледі. Бұдан бөлек, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында, Қызылорда облысының батысында, шығысында, Павлодар облысының орталығында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстік жартысында өрт тұтанудың өте жоғары қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының орталығы, оңтүстік-шығысында, Алматы, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында өрт қаупі бар.