3 ауысымды мектепті жою үшін облыс бойынша 2 мектеп (Қосшы қаласында - 1200 орындық, Жібек жолы ауылында - 1300 орындық) салынады.
Ақмола облысында жол картасы аясында 55 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр
695
оқылды

«AMANAT»  партиясы Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысы Берген Беспалинов журналистерге берген сұқбатында биылғы жылы Сайлауалды бағдарламаны орындау бойынша Жол картасының аясында 55 инвестициялық жоба жүзеге асып жатқанын хабарлады. Оның ішінде 46 ет фермасы, 3 сүт-тауар фермасы, 3 өсімдік шаруашылығында  және қайта өндіру саласында - 3 жоба басталып кеткен.

3 ауысымды мектепті жою үшін  облыс бойынша 2 мектеп (Қосшы қаласында - 1200 орындық, Жібек жолы ауылында - 1300 орындық) салынады. Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 5 мектеп және 2 қосымша ғимараттың салынуы жоспарланған. 22 мектепке, 1 мәдениет үйіне, 1 спорт нысанына күрделі жөндеу жүргізілмек.

Целиноград ауданы  Ақмол ауылында аудандық аурухана салынып басталды. Жыл аяғына дейін тағы 3 денсаулық сақтау нысаны салынады деп жоспарланған.  Жол картасы аясында биылғы жылы 600 мың  шаршы метр баспана салынса, 200 км жол жөнделеді. 100 км су құбыры, 130 км электр желісі мен 10 км жылу құбыры да жөндеуден өтпек. Берген Маратұлы жол картасының орындалуы партия қатаң назарында екендігін атап өтті.

 Сайлау қорытындысы бойынша Ақмола облысында 265   депутаттық орынның 209 партия жеңіп алды. Бұл барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының  78,9% құрайды. Облыста отыз бес партиялық бақылау бекеті ашылды, оған алпыс екі белсенді партия мүшелері кіреді. Жұмыс істеп тұрған 35 посттың 17 өз қызметін аяқтап үлгерді, 18-і жұмыста. Азық түлік, жанар-жағармай мен дәрі-дәрмектің де бағасы партиялықтардың назарында. 19 наурыздан бері мониторингтік топтар 400-ден астам халық тұтынатын тауар бағасына бақылау жүргізген.

«Ауыл аманаты» жобасы бойынша 1,2 млрд теңге бөлінген. Шілде айынан бастап, «СПК «KOKSHE» арқылы жүзеге аса бастайды. "Жер АМАНАТЫ" жобасы аясында өңірімізде 302 мың гектар пайдаланылмаған жер қайтарылды. 2023 жылы  200 мың гектар жер қайтарылмақ. Партияның қоғамдық қабылдауына келіп түскен 1157 өтініштің 52 пайызы оң шешімін тапса, қалғаны шешілу үстінде.

Атқарушы хатшы өңіріміздегі барлық мәселелер Жол картасына кіріп, партия басшылығы мен фракция депутаттарының тікелей бақылауында екендігін айтып өтті.