Енді әнші 23 күн қамауда болады.
Төреғали Төреәліге қатысты жаңа сот үкімі шықты
19,952
оқылды

Әнші Төреғали Төреәлі тағы бірнеше күнге қамалатын болды. Бұл туралы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі сот хабарлады.

Соттың мәліметінше, әртіс ӘҚтК 613-бабының 1-бөлігі «Полиция қызметкерінің талаптарын орындамау» бойынша жауапкершілікке тартылған. Іс сотқа 16 маусымда түсті, бүгін 21 маусымда қаралды.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама және істің өзге де материалдары дұрыс рәсімделген. Тұлғаны жауапкершілікке тартпауға мүмкіндік беретін мән-жайлар анықталған жоқ. Өтінімхаттар мен шағымдар түскен жоқ. Іс бейнебайланыс арқылы қаралды.  

«Істің материалдарын қарап, сот 14 маусымда Алиханов (Төреғали Төреәлінің тегі) мемлекеттік тіркеу нөмірі 111 ALI 11  Lexus LX570 маркалы көлігін есірткіге мас күйінде жүргізгенін анықтады. Майлин көшесімен солтүстік бағытта  келе жатып, ол патрульдік полицияның көлікті тоқтату талабын орындамаған», - делінген сот хабарламасында.

Төреғали Төреәлі кінәлі деп танылып, 3 күнге қамау туралы әкімшілік жаза тағайындалды. Осы бап бойынша 40 АЕК айыппұл салу немесе 3 күнге дейін қамау қарастырылған. Енді әнші 23 күн қамауда болады.

Фото: видеодан алынды