Матч 2 сағат 16 минутқа созылды.
Елена Рыбакина Берлин WTA 500 турнирінде жеңіліп қалды
1,381
оқылды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Берлин WTA 500 турнирінің ширек финалына шыға алмады.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 23-ракеткасы, хорватиялық Донна Векичпен кездесті.

Матч 2 сағат 16 минутқа созылды. Есеп - 7:6, 3:6, 4:6.

Маусым айының басында Елена Рыбакина вирустық инфекция жұқтырып алып, соның салдарынан Ролан Гаррос-2023 турнирінің үшінші айналымында ойынды өз еркімен тоқтатуға мәжбүр болды.