Ақсу ферроқорытпа зауытынан шыққан өрт кезінде жоғары температура әсерінен ғимараттың төбесі опырылып түсті. Өрт сөндіруші зардап шекті.
«Өрт сөндіруші ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр», - деп хабарлады журналистерге Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Қызыл жалынның қанша аумақты шарпығаны өрт толық сөндірілгеннен кейін белгілі болады.
Қазір №15 белгіде аккумулятор бөлмесінде шамамен 50 шаршы метр алаңда жабдықтар мен сорғы майы жанып жатыр.
От 21 маусым күні сағат 16:00-де тұтанған.
«Өртті кәсіпорынның апаттық-құтқару қызметі мен Ақсу қалалық өрт сөндіру бөлімі оқшаулады. Зардап шеккендер жоқ. Павлодар облысы Төтенше жағдайлар басқармасы штаб құрды. Тергеу басталды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр», - деді Ақсу ферроқорытпа зауытынан.