Бопсалаудың 7 фактісі анықталған.
Семейде қоғамдық қордың атын жамылып, жастардан ақша бопсалағандар ұсталды
1,309
оқылды
Семейде қоғамдық қордың атын жамылып, жастардан ақша бопсалағандар ұсталды, - деп хабарлайды polisia.kz.

ІІМ-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Абай облысы прокуратурасының үйлестіруімен Семей қаласының аумағында бопсалаушылардың қылмыстық тобын ұстау бойынша арнайы операция жүргізді.

Өздерінің криминалдық қызметін топтың мүшелері ресми түрде тіркелген қоғамдық қорды формальды құру арқылы мұқтаж тұрғындарға қайырымдылық көмек көрсету түрінде жүзеге асырып отырған. Қордың Instagram әлеуметтік желісінде жеке парақшасы бар. Құрылған күннен бастап қордың есепшотына қаражат түспеген.

Күдіктілер қорды қаржыландырамыз деген сылтаумен жергілікті жастардан және есірткі пайдаланатын адамдардан ақша бопсалаған. Кейбір жағдайларда қылмыскерлер өз құрбандарын талап еткен ақшаны алғанға дейін жалдамалы пәтерлерде ұстаған.

"Бопсалаудың 7 фактісі анықталды. Арнайы операция барысында 19 тінту іс-шарасы жүргізіліп, суық және травматикалық қару тәркіленді. 18 адам полицияға жеткізілді, олардың ішінде қылмыстық топтың 8 негізгі қатысушысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде",– деп хабарлады ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.