Қылмыстық топ Құрманғазы ауданында қолға түсті.
Атырауда терроризмді насихаттаған қылмыстық топ ұсталды
1,532
оқылды

Арнайы операция кезінде терроризмді насихаттады деген күдікпен 35-39 жас аралығындағы төрт адамнан құралған қылмыстық топ ұсталды.

«Аталған күдіктілердің барлығы Құрманғазы ауданының тұрғындары. Олар, аудан жастарына теріс жат ағымның ілімін насихаттағаны үшін бақылауға алынған. Тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде Қазақстан аумағында таратуға тыйым салынған діни әдебиеттер мен түрлі насихаттық жадынамалар, ұялы телефондар мен екі пышақ тәркіленді. Қазіргі таңда, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – делінген Атырау облысы полиция департаменті таратқан мәліметте.

Арнайы операцияны 16 маусым күні сағат 07.30 шамасында Атырау облысы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы, Құрманғазы аудандық полиция бөлімі мен «Арлан» арнайы жасағының қызметкерлері жүргізді.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА