Олар жәбірленушіні ұрып-соққан.
Қостанайда 6 млн теңге бопсалаған жастар ұсталды
1,398
оқылды

Қостанай қаласының полициясы жергілікті тұрғыннан 6 млн теңге талап еткен 18 мен 20 жастағы күдіктілерді ұстады, – деп хабарлады Polisia.kz.

"Олар 21 жастағы жергілікті тұрғыннан 6 млн теңге талап еткен. Күдіктілер жәбірленушіні жалға алынған пәтерде ұстаған. Сондай-ақ оны қала сыртына шығарып, ұрып-соғып, өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді", – деді Қостанай облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Серік Байғонов. 

Бопсалаушылар жәбірленушіні ұрып-соққаннан кейін 1 млн теңгені иемденген. Осыған қарамастан олар оңай пайда табуды көздеп, ақша талап етуді әрі қарай жалғастыра берген.

Жәбірленуші полицияға арызданды. Күдіктілер іздестіріліп, ұсталды. Қазір Қылмыстық кодекстің 194-бабы, 3-бөлігі және 126-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бүгінде топтың екі мүшесі қамауға алынды. Үшіншісі үй қамауында.

Фото: polisia.kz