Ақмола облысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды
Ертең еліміздің бірнеше өңірінде үсік жүреді
3,981
оқылды
Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады.
 
Қазгидромет синоптиктері ертең, 23 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауып, жел соғады деп болжады.
 
Ақмола облысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-8 градусқа төмендейді, облыстың солтүстік-батысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді, күндіз 13-18 градус, облыстың оңтүстігінде, шығысында 21 градус жылы болады.
 
Батыс Қазақстан облысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 20-25 градус жылы болады. Облыстың оңтүстігінде сынап бағанасы түнде 16 градус, күндіз 28 градус жылы болады.
 
Атырау облысында ауа райы жауын-шашынсыз. Солтүстік, солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 22-27 градус жылы болады.
 
Маңғыстау облысының оңтүстігінде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ жауады. Күндіз аймақтың оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 24-29 жылы болады.
 
Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында аздап жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 14, күндіз 25 градус жылы болады.
 
Қостанай облысының оңтүстігінде жаңбыр жауады, ал солтүстік-батысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 13, күндіз 24 градус жылы болады.
 
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында түнде аздап жаңбыр жауып, облыстың батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-7 градус, ал күндіз 12-17 градус жылы болады. Облыстың солтүстік-батысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Ал оңтүстігінде 20 градус жылы болады.
 
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 7-12, күндіз 18-23 жылы болады.
 
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сынап бағанасы түнде 15, күндіз күндіз 27 градус нөлден жоғары болады.
 
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығысында екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 23-28 жылы болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Аймақтың солтүстігінде, шығысында секундына 20 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 28 жылы болады.
 
Абай облысыныңсолтүстігінде, батысында жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігінде, батысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 15, ал күндіз 30 градус жылы болады.
Қызылорда облысында ауа райы жауын-шашынсыз, күн ашық. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл болады. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 28-33 градус жылы болады.
 
Жамбыл облысының таулы аймақтарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сынап бағанасы түнде 15-20, күндіз 30-35 градус нөлден жоғары болады.
 
Алматы облысында таулы аймақтарда өткінші жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік шығыстан секундына 9-14, найзағай кезінде тіпті 17-22 метр жылдамдықпен екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 28-33 градус ыстық болады. Ал таулы аймақтарда түнде 5-10, күндіз 18-23 градус жылы болады.
 
Жетісу облысының таулы аймақтарында өткінші жаңбыр жауады. Оңтүстігі мен солтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел жылдамдықпен жел соғады. Ал түнгі уақытта солтүстік-шығысында екпіні секундына 23-28 метрге жететін жел соғады. Сынап бағанасы таулы аймақтарда түнде +9, ал күндіз 24 градус жылы болады. Орталықта түнде 14-19, күндіз 28-33 градус ыстық болады.
 
Түркістан облысының таулы аумақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Қатты жел соғады. Солтүстік-батыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел соғады. Таулы аймақтарда 15-20 м/с екпінді жел соғады. Сынап бағанасы түнде 18-23, күндіз 31-36 градус ыстық болады.