ҚР Ұлттық статистика бюросы еліміздің "ең жас және ең қарт адамдар тұратын" аймақтарын анықтаған екен.
Еліміздің қай аймағында қарт адамдар көп екенін білесіз бе?
8,967
оқылды

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, еліміздің халқы жылдан-жылға қартайып бара жатыр. Мысалы, бір жылда қарттық индексі 1,6 тармаққа өскен.

 "2022 жылы Қазақстанда қарттық индексі 28,2 пайыз болған. Нәтижесінде, бір жылда 1,6% тармаққа өсті (26,6 – 2021ж.). Жаңа туған сәби мен  15 жас аралығындағы әр 100 балаға 65 жастан асқан 28,2 азамат келеді деген сөз", – деп хабарлады ведомство.

Өңірлер арасында тұрғысында ең жоғары көрсеткіш  – Шығыс Қазақстанда екен,  56,9 пайыз. Одан кейінгі орында Солтүстік Қазақстан облысы – 56,3, алғашқы үштікке Қостанай облысы да кірді – 48,9.

Ең жас аймақ Маңғыстау облысы болды. Ол жақта кейінгі 10 жылда бала туудың ең жоғары көрсеткіші сақталып келеді. Мұнда әр 100 балаға 65 жастан асқан 10,8 азамат келеді. Сонымен қатар қарттықтың төмен индексі Түркістан облысында – 11,3 және Шымкент қаласында – 11,7 тіркелген.

Қалалық жерлерде қартаю индексі ауылдық жерлерге қарағанда жоғары, сәйкесінше 30,7 және 24,5.

Ал БҰҰ статистикасы бойынша, 2022 жылдың басында 65 жастан асқан әйелдердің үлесі 10,1%-ға жеткен. Он жыл бұрын ол небәрі 8,2% еді. 65 және одан жоғары жастағы ерлердің үлесі онжылдықта 4,8%-дан 6,1%-ға дейін өсті.

фото: inform.kz