Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (14-9) UFC турниріндегі алтыншы жекпе-жегінде жеңіліп қалды.
Жеңіл салмақта өнер көрсететін 34 жастағы қазақстандық қазіргі келісімшарт бойынша соңғы жекпе-жегінде америкалық Джошуа Вангпен (8-1) кездесіп, ұпай саны бойынша жеңіліп қалды.
Осылайша, Джошуа Ванг про-ММА бойынша сегізінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, ал Жалғас Жұмағұлов спорттық мансабында тоғызыншы рет жеңілді.