Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола облысында жоғалып кеткен полиция  қызметкерінің мәйіті табылды
1,031
оқылды

Ақмола облысында жоғалған полиция қызметкерінің денесі Көкшетаудан табылды.

Ресми мәліметке сәйкес, жоғалған адамның денесі бүгін сағат 9.15-те Қылшақты өзені аумағында жүргізілген іздестіру шаралары барысында тереңдігі 2 метр болатын қазаншұңқырдан табылды.

«Ер адамның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Сараптама тағайындалды, соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы өзінің әріптесі, полиция подполковнигі Тұрар Тұрарұлы Дүйсембиннің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтады», – делінген хабарламада.

Бұған дейін Ақмола облысында полиция бөлімі бастығының орынбасары із-түзсіз жоғалып кеткені жайлы жазған болатынбыз.