Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы облысында қамыс өртеніп жатыр
1,134
оқылды

Іле-Балқаш резерватында қамыс өртеніп жатыр.

«Іле-Балқаш резерватының (кірме жолдар жоқ аралшықтар және қолжетімділігі төмен батпақты жерде) аумағында 150 га алаң жанып жатыр. Өрттің жалпы аумағы шамамен 6 200 га болды, оның ішінде сөндірілгені – 6 050 гектар.

ТЖД және «Іле-Балқаш» МТР» РММ күштері қолмен жұмыс істейтін  шанц құралдары мен мотопомпаларды пайдалана отырып, жаяу тәртіппен солтүстік-батыс жағында 6-кварталда алдын ала болжам бойынша 150 га алаңда сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ Бақанас орман шаруашылығы учаскелерінде өрттің таралуын болдырмау үшін Орман шаруашылығы күштері жырту жұмыстарына кірісті.

Елді мекендерге қауіп жоқ.

Әлеуметтік желілерде таралған космомониторингтің суреттері бүгінгі күні өзектілігін жоғалтқан.

Метеорологиялық жағдай: күн ашық, жауын-шашынсыз, ауа температурасы +24 градус, солтүстік бағытта соққан желдің жылдамдығы 2 м/с»,  делінген хабарламада.