Павлов көшесінде 5 қабатты тұрғын үйде пәтер жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.
Павлодарда өртеніп жатқан пәтерден ана мен бала құтқарылды
824
оқылды

Павлодарда өртеніп жатқан пәтерден ана мен бала құтқарылды,  деп хабарлайды Pavlodarnews.kz сайты.

 

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 12.43-те «112» пультіне Павлов көшесінде 5 қабатты тұрғын үйде пәтер жанып жатқаны туралы хабарлама  түскен.

«Шақыруға 18 қызметкер, жедел құтқару жасағы мен апаттар медицинасы орталығы, 5  техника шықты. Өрт сөндірушілер дереу барлау жұмыстарын жүргізді. Екі бөлмелі пәтерде 5 шаршы метр аумақта үй заттары мен жиһаздар жанып жатқаны белгілі болды», – деді департаменттен. 

Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері 1988 жылы туған ана мен 2020 жылы туған баланы құтқарды. Оларды 103 қызметі тексергеннен кейін қалалық ауруханаға жіберілді. Ысты газбен улануы мүмкін деген күдік расталмаған соң екеуі де үйіне шығарылды. 

Тілсіз жау сағат 12.59-да сөндірілді. Қазір  өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.