Абай облысы Үржар ауданы Науалы балалар үйінің басшылары бюджеттен 6 миллион теңгеден астам қаржы жымқырған. Бұл туралы Aikyn.kz Абай облысы прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.
Балалар үйінің директоры мен бас бухгалтері өздеріне жоғары жалақы төлеген. Жоғары сыйлықақы, іссапар шығындары тізімделді. Жымқыру штат кестесі мен қазынашылық есептерді салыстыру барысында анықталды. Онда тиісті жалақы мен нақты төленген жалақы арасындағы айырмашылық көп.
Слндай-ақ жұмыс істемейтін адамдарға жалақы төлеген.
Осы факті бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігінің 2, 3-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғады. Істі сотқа дейінгі тергеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылды.
Фото: big-rostov.ru