Mercedes көлігін әйел адам жүргізген.
Павлодарда жол апатынан жүргізуші әйел қаза тапты
877
оқылды

Апат 25 маусым сағат 17.30-да Астана-Шідерті жолының 252-шақырымында болды. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

39 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмаған. Ол оқиға орнында қаза тапты. 

Екі кәмелетке толмаған бала ауруханаға жеткізілді. 

Автокөлік айып тұрағына қойылды. Полиция тексеріс жүргізіп жатыр.