Апат Шығыс Қазақстан облысында болды.
Газ құю бекетіндегі жарылыс: ауруханаға түскен екі адам қайтыс болды
1,205
оқылды

22 маусымда Шемонаиха қаласында газ құю стансасында жарылыс болып, төрт адам зардап шекті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бірінші екі ер адам, содан кейін тағы бір ер адам мен әйел ауруханаға жеткізілді. 

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, денесін 100 пайыз дерлік күйік шалған екі адам көз жұмды.

Дәрігерлер оларды аман алып қалу үшін 48 сағат бойы жанталасты. Өкінішке қарай, екеуін аман алып қала алмады. 

Ал ер адам мен әйелдің беті бері қарады. Қазір олардың жағдайы тұрақты. Дәрігерлер жіті қадағалап отыр.