Ақтөбе қаласының әкімі лауазымына Азамат Бекет тағайындалды.
Ақтөбе қаласына жаңа әкім тағайындалды
4,090
оқылды

Ақтөбе қаласының әкімі лауазымына Азамат Бекет тағайындалды, – деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімімен Азамат Бекет Ақтөбе қаласының әкімі лауазымына тағайындалды, – деп жазылған хабарламада.

  • Ол – Қазақ гуманитарлық заң университетінің, Экономика және құқық академиясының түлегі.
  • 2016-2018 жылдары Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында Денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған;
  • 2018-2020 жылдары Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі болған;
  • 2020-2021 жылдары Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды;
  • 2021 жылғы ақпаннан бастап Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімі болып еңбек етті.

Айта кетейік, Азамат Бекет бокспен шұғылданған. Ол 1997-1999 жылдары жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы болды. 1999-2001 жылдары жастар арасында Қазақстан чемпионы болды. Түрлі халықаралық турнирлерде Қазақстан құрамасының намысын қорғаған әрі қаржы полициясының капитаны шені бар.

Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі